СОР № 1 Казахский язык 5 класс Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.

Қонаққа бару мәдениеті
Қонақжайлылық — қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру — қонақжайлылықтың белгісі.
«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару — мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.

Жоспар
Кіріспе бөлім ___________
Негізгі бөлім ___________
а)
ә)
Қорытынды бөлім __________

Решение:

Кіріспе:  Қонаққа бару мәдениеті

Негізгі бөлім

а) Қонаққа барар алдындағы дайындық, уақытылы бару.

ә) Дастархан басында өзін ұстау әдебі

Қорытынды бөлім: Қонақтан кетерде қалай қоштасу әдебі