СОР № 1 Казахский язык 5 класс Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Задание:

Тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).
1-мәтін
— Сәлеметсіз бе?
— Аманбысың, келе ғой.
— Сіз Оразәлі ата емессіз бе?
— Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.
— Жоқ, Нұрай — кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.
— Атаң бар ма?
— Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.
— Кімнің баласысың?
— Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.
— Ақылыңнан айналайын!
— Атам да солай айтады.
— Бауырларың бар ма?
— Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.
— Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.

2-мәтін
Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.

Жастардың жауабы:
Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды».
Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».

Решение:

1)Тақырып:  Оразәлі мен Нұрайдың әңгімесі

Мазмұны: Оразәлі ата мен Нұрайдың жөн сұрасуы.

2)Тақырып: Отбасы түсінігі

Мазмұны: Псмхолог кеңесші жас жұбайлармен кездесіп олардан отбасы түсігі жайлы сұрайды.

Тілдік құрал:  қайтесің,  әдейілеп, өзара