СОР № 1 Казахский язык 5 класс Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Задание:

Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгісін қойып, төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.
Итаяқ
Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып Балам, мына істеп жатқаның не? деп сұрайды.
– Бұл – итаяқ дейді бала.
– Оны не істейсің?
– Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

 

Решение:

 

Жігіт таңданып, баласынан не істеп жатқанын сұрайды. Баласы оның қолындағысы итаяқ екенін айтты.
Оны не істейтінін сұрағанда, әкесін қартайғанда қуысқа апарып тығып, осы итаяқпен тамақ беретінін айтты. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.