СОР № 1 Казахский язык 6 класс Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Назад
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Задание:

Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.
Қазақстанның көрікті жерлері
1-бөлігі Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап, әдемі жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде белгілі бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
2-бөлігі Жоғарыда аталған демалыс орындарының әрқайсысының табиғаты ерекше. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы мөлдір. Мұнда денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып, күш жинап, ем қабылдап, күшқуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған.

Решение:

Бұл жерде табиғаттың сұлулығына қарап тамсанасың. Көзің әдеміліктен жадырайды. Жаның рахаттанады. Адамдардае елдің түкпір түкпірінен келіп дем алады.  Қазақстанның көрікті жерлері біздің мақтанышымыз.