СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Отан отбасынан басталады

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Отан отбасынан басталады

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?! М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды» деп сипатталады.
1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. 5 тірек сөз бен сөз тіркесті анықтап, cмарт-схеманы толтырыңыз.

2. Мәтін үзіндісін екінші рет мұқият тыңдаңыз. Мәтінге тақырып қойып, көтерілген мәселені анықтаңыз.

Решение:

1-тапсырма:

5 тірек сөз: әже; Абай; немере; әңгіме-ертегі; ізгі жүрек

2-тапсырма:

Мәтін өнегесі: Әже өнегесі

Мәтінде көтерілген мәселе: әже қадірі мен бала-немересіне деген махаббаты