СОР № 1 Казахский язык 6 класс Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Назад
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Задание:

Берілген қасиеттердің ішінен Абайға сай келетін 3 мінездемені анықтап, мәтіннен дәлел келтіріңіз. Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарын жүктейді. Ұсынылатын мінездемелер тізбегі: зерек, өнерлі, еңбекқор, әділ, сыпайы, ашушаң, батыл

2. Мәтіндегі ақпараттарды қолданып, бала Абайға мінездеме жазыңыз.

Решение:

Абайға тән мінездеме: зерек, шешен, әділ

 

1)Абай жастайынан зерек, ақылды болды. Жасының кішілігіне қарамастан елі мәселелеріне араласты.

2)Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселді.

3)Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып аты шығады.