СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Задание:

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
Өскемен қаласы Алтай тауының бөктерінде 1720 жылы салына бастаған. Өскемен — еліміздің түсті металлургия орталығы. Осындай қорғасын-мырыш және титанмагний комбинаттарының өнімдерін бүкіл әлем біледі. Олардың өнімдері әлемде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Үлбі металлургия комбинатында Қазақстанда өндірілетін уранның 80 пайызы өңдеуден өтеді. Өскемен өңірі су қорына өте бай. Сарқырап аққан тау өзендері көп. Алғашқы су электр станциясы 1953 жылы іске қосылды. Ал Алтай жері орманға бай. Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Кезінде Өскемен Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды. Оның құрамына бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары кірді. Қаладағы фабрикалар, зауыттардан түрлі өндіріс қалдықтары пайда болады. Бұл — экологиялық зиянды заттар. Қазақстан Республикасы Үкіметі және қала әкімшілігі ауаның, жердің тазалығы үшін шаралар қолдануда. Алайда экономикалық қиындықтардың қала халқы үшін қатерін жою және табиғатты сақтау күн тәртібіндегі мәселе болып қалуда.

Мәтіндегі 2 негізгі, 2 қосымша ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз. Негізгі ақпарат:

1) _______________

2) _______________

Қосымша ақпарат:

1) ___________

2) __________

Решение:

Негізгі ақпарат:

 

1) Өскемен — еліміздің түсті металлургия орталығы.

 

2)Үлбі металлургия комбинатында Қазақстанда өндірілетін уранның 80 пайызы өңдеуден өтеді

 

Қосымша ақпарат:

 

1)Ал Алтай жері орманға бай

 

2) Өскемен өңірі су қорына өте бай