СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
НазадҚазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Задание:
Берілген суреттер бойынша ауыл мен қала айырмашылығы туралы жазбаша мәтін құраңыз. Мәтінде тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.
Решение:
Aуыл мен қаланың айырмашылығы жасыратыны жоқ жер мен көктей. Ауылда адамды бір ғана отбасы емес бүкіл ел, ауыл болып тәрбиелейді. Ол тәрбиені дұрыс қабылдайтын бала, дұрыс қабылдамайтыны да бар. Яғни адамның санасына, әрине, қатысты. Ал енді қалаға келетін болсақ: қалада екі бастан адам көп, барынша мәдиенетті болуға тырысады. Адамдары тез есейеді деп те ойлаймын, кейде мықты есейіп кеткендерiн де көремін. Ауыл адамдарының ойлаған ойын бетінен оқуға болатын болса, қала адамдарынан оны байқау қиынырақ. Жалпы айырмашылықтар көп. Бірақ, ғалымдардың ауылдан я болмаса қаладан шығуына ешқандайда байланысты емес. Ғалым болу болмау менің ойымша еңбекқорлыққа, сонымен қатар iзденiмпаздыққа байланысты. Адамды адам ететiн — еңбек демек пе еді