СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Таулар сыры
НазадТаулар сыры
Задание:
Мәтінді мұқият тыңдап, тауларға қатысты жаңа сөздерді сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз.
Сарыарқа — Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі — 500-600 метрдей. Солтүстігінде БатысСібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр. Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).
Решение:
Сарыарқа:
Қазақстанның орталығында орналасқан; Бурабай шипажай аймағы
Мұғалжар:
Үлкен Боқтыбай тауы; Ұзындығы 450 шақырым
Маңғыстау:
Қаратау-Бесшоқы