СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер
НазадҚазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер
Задание:
Мәтінді оқып, терминдер мен неологизмдерді анықтап, мағынасын түсіндіріңіз. Төмендегі мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырыңыз. Себебін айтыңыз. Полиглот қыз
Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Тіл үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» — дейді полиглот қыз. Мүмкін, қазақша білетін Соня Қазақстанға саяхаттап келуді армандап жүрген шығар? Келсе, келсін. Қуана қарсы алармыз. Тек… «Қазақша білмейтін қазақтарды көргенде, қайтер екен?» деп ойлайсың. «Ұлан» газеті»
Мақал-мәтелдер
1. Тіл — достықтың алтын көпірі.
2. Өз тілің — бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін.
Решение:
Өз тілің — бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін.
Себебі, өзге елге саяхат жасап сол мемлекеттің ұлттық мәдениетімен таныса аласың. Соның арқасында екі елдің арасындағы бірлік көпірін салуға себепкер боласың