СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер
НазадҚазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер
Задание:
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
«Қазақстан бүкіл әлемге халқы 3 тілді еркін пайдалана алатын, мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс» Н.Ә Назарбаев.
Қазіргі уақытта қазақ тілін дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тілін үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу — парыз. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор.
Өткен жылы әлем бойынша ағылшын тілінде 500 мың кітап жарық көрсе, қазақ тілінде 2 000 кітап қана шыққан. Сол 500 мың кітаптың ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 мақала ғана басылған. Ал енді осыншама дүниелермен танысу, оқу, игеру үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз? Сондықтан тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, түсініп, жарық көріп жатқан жаңа идеялар мен технологияларды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал. Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Ақылды» экономиканың авторы атанған елдер күллі әлемге танылып, қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы табыстарға қол жеткізу үшін біздің ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйренуіміз қажет.
Төмендегі пікірлермен келісу/келіспеу себебіңізді айтыңыз.
• Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сондықтан оны дамытамыз,
• Орыс тілі – қарым-қатынас тілі, сондықтан оны қолдаймыз,
• Ағылшын тілі – жаһандық тіл, сондықтан оны үйренеміз.
Решение:
Келісемін. Себебі тіл тек байланыс құралы ғана емес, халықтың жаны, дәстүрлер мен мәдениетті сақтаушы. Қазақстандағы лингвистикалық әртүрлілік әрдайым басымдыққа ие.Үш тілде білім беруді енгізу қазақстандықтардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуі тиіс деп ойлаймын