СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Уақыт – ұлы күш

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Задание:

Мәтін үзіндісін тыңдаңыз. Тыңдалым тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.

• үзіндіде не туралы айтылады?

• оқиғаны дамытып, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.

• дана құмыраны не үшін толтырды деп ойлайсыз?

• ол шәкірттеріне не туралы айтуы мүмкін?

Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап:

— Құмыра толды ма? — деп сұрақ қояды. Шәкірттері:

— Иә, — деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда дана:

— Енді толды ма? — деп сұрайды. Шәкірттері тағы да: «иә», — дейді. Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады.

Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алады. Сосын дана бір кесе су алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі. Сонда дана былай дейді….

Решение:

Сұрақтарға жауап:

1) Үзіндіде бір дананың өз шәкірттеріне қойған сұрақтары мен тәжірибесі көрініс табады

2) Сендер бітті деген іс әрқашанда толықтай бітпейді. Не болса да басталған жұмыс аяғына жетуі тиіс. Немесе басқа мағынада түсіндірсем: бұл адамзаттың өмірдегі жасаған, орындауға тиіс болған жақсылықтары мен міндеті

3) Шәкірттерін осы мысалда ақыл-санасын сынау үшін

4) Өз оқушыларына өмірлік бір дәріс, сабақ түсіндіру мақсатында. Басынан өткен және сол оқиғадан алған сабағын шәкірттеріне түсіндірмек болды