СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Уақыт – ұлы күш

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Задание:

Өлеңді мұқият тыңдаңыз, не туралы екенін айтыңыз. «Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған» деген өлең жолдарын қалай түсінесіз?
Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек»
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр. Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл, Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

Решение:

Өлеңнің негізгі идеясы-Абай атамыз бұл өлеңінде уақытты бағалау жайында айтқысы келген.Өмірде уақыт бәрінен де маңызды.Уақыт зымырап өтеді,адам өмірі де сондай зымырап өте қояды.Сағаттың тілі айналған сайын адам өмірі қысқарады, адам қартаяды, уақыт біздің өмірімізді ұрлайды деген мағынада.Адам өмірі қысқарады, уақыт өтеді, адам өледі.