СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Уақыт – ұлы күш

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Задание:

Мәтінді оқыңыз. Эйнштейн және Гетенің уақыт туралы ойларымен келісесіз бе? Неге? Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстарды толықтырыңыз.
Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», — деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» деген екен. Сол сияқты «Ұрланған заттың орнын басқа затпен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы ақыны Гете.

Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстар

1. Істелуге тиісті маңызды істердің тізімін жасаңыз.

2. Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болыңыз.

3. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

4. Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.

5. Сіз айналысуға тиіс емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.

6. Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алуына жол бермеңіз.

7. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.

Решение:

Негізінде уақыттың қадірін «автобустқа кешіккен біледі» демекші, әрине, Эйнштейн және Гете сияқты ұлы адамдар біледі. Неге десеңіз: уақыт жылжып, ағып бара жатқан өзен сияқты — оны артқа, шынымен де, қайтару мүмкін емес.

Менің ұсыныстарым: 1) Нақты күндік жоспармен жұмыс істеу

2) Артық, зиянды іске уақытыңды құртпау. Ия, дегенмен де күндік норманы орындаған соң дем алудыда ұмытпаған жөн. Соның өзінде де зиянды іспен айналыспай, ұйықтау немесе медитациямен айналысу