СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Уақыт – ұлы күш

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Уақыт – ұлы күш

Задание:

Құрылымын сақтай отырып, «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» деген пікір бойынша эссе жазыңыз. Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.

Решение:

Бұл сұрақтар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ең бастысы әрбір ата-ана балаларының  дұрыс оқып, ер жетіп, мықты азамат болуын қалайды. Олар балаларының бос уақытында аман-сау, бірдеңеге ұрынбай, дұрыс өткізетінін тілейтін болды. Кейде балалардың не істеп жүргенін ата-анасы түгілі ешкім де білмей қалатыны бар.  Өкініштісі жаһандану заманында кейбір жастарымыз бұзақы істерге ұрыну, теріс жолға түсу, пайдасыз компьютер, әр түрлі бәс тігетін құмар ойындарын ойнап, уақыттарын шығындау, шетелдің жалған телесериалдарға еліктеп өсу, ұрлық, зиянды ішімдіктерге әуестену сияқты қоғамдағы пайдасыз істермен айналысу жиі кездесіп жатады. Уақыттарын дұрыс өткізіп, ата-аналарына көмектесіп, өз істерімен айналысып  жүрген балалар да баршылық. Меніңше, тек балалардың ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелеп, айналысып жүрген нәрселеріне көңіл бөлу, сабағының оқу үлгерімін жете тексерумен қатар бос уақыттарына бақылау қою ең маңызды. Кейбір ата-ана балаларына қарамақ  түгілі тәрбие бере алмауы, шамалары жетпеуы, батырып сөз айта алмауы, еркелетуы, еркіне жіберуі, дұрыс ақыл қоспай, болмашы нәрсеге ұрыса беруі, бетін қайтаруы, балаларына дұрыс уақыт бөлмеуі, бала  психологиясын түсінбеуі сияқтыдан болып,  балалар еркіндікке салынып, өз бетімен кету, теріс жолға түсу, еліктеу пайда болады. Яғни, бос уақыты шыққанда еріккен бала ойына келгенін істегіш, көзі қызыққан нәрсеге тез еліктегіш келеді. Ең алдымен оқушы жастарды сабағынан кейін бос уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету қажет. Оны ата-ана балаларының қалауы бойынша, мұғалімімен ақылдасып, балаларының қандай нәрсеге бейімділігін байқау, өнер мен спортқа баулу, білімділігін шыңдауға немесе пайдалы бір іске бағыт беру – ең басты нәрсе.  Әр оқушы әр қалай уақыттарын өткізеді, ортаға қарай бейімделеді. Меніңше, жоғарыда аталған теріс жолдарға түспеу үшін жастардың бос уақыттарында денсаулық кепілдігі спортпен айналысуы керек. Үнемі спортпен шұғылданған жастар уақыттың қадірін біледі, уақытты дұрыс пайдалануды үйренеді. Осылай дені сау, денесі ширақ жастардың келешегінде қандай қиын жұмыс болмасын батыл орындағыш, мықты азамат болып өсуіне таудай үлесін қосады деп ойлаймын. Оның бәрі біздің қоғамымыз үшін де өте маңызды. Бұрын баршамыз жастардың спортпен шұғылданатын спорт зал жоқ  деуші едік, қазір жастарға мүмкіндік өте көп. Таңдауларына қарай секцияға жазылып, спортпен шұғылдануына болады. Жастарды спортқа беру сіздердің келешектеріңізге, балаларыңыздың уақытын дұрыс пайдалануына, дені сау болып өсуіне көп септігін тигізеді. Жастар бос уақыттарын спортқа арнағаннан ешқашан ұтылмайды.   Сондай-ақ қазіргі жастар емес, ересектер адамдар да  дене еңбегінен алыстап барады. Үнемі жаяу жүрмей, машинамен жүру, дайын нәрсеге бой үйрену, көп уақыт кеңседе, теледидар алдында отыру сияқты жағдайлар барлық адамға зиянын әкелумен қатар семіздік, артық салмақтық, қатерлі ісік, жүрек, асқазан аурулары сияқты сырқаттарға дұшар болдырады. Мұның бәрі жас егделей келе, адамның денсаулығына зиянын тигізері сөзсіз