СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Уақыт – ұлы күш
НазадУақыт – ұлы күш
Задание:
Мәтінді түсініп оқыңыз. Одағайларды теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыз.
Уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының босқа өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. «Осы күнге дейін не бітірдім?», «Қандай мақсаттарға жеттім?» деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран, алтын уақытым-ай!», «Шіркін, жастық шағым қайта айналып келсе ғой!» деп армандап не өкініп жатады. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек.
ЕЙ, УАҚЫТ!
Уақыт-ай, шіркін, халің қалай? Қоя тұршы арындамай! Онсыз да алшақ баспай, Жүресің дамылдамай.
Ұ. Сағадиев
УАҚЫТ — ҚЫЛЫШ!
Бос өткізбей сағатты бағалай біл, Жас шақты уақытында жағалай біл. Кеш болғанда қалмасқа «әттең-ай!» деп, Есеп беріп минутты саралай жүр. Б. Басықара
Решение:
әттең-ай
ЕЙ
Шіркін
ай
Қайран