СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жердегі климаттық өзгерістер
НазадЖердегі климаттық өзгерістер
Задание:
«Сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын таңдап, төмендегі сұрақтар бойынша сөйлесіңіз/тыңдаңыз. Әр сұрақ сайын позицияны ауыстырып отырыңыз.
Робинзон Крузоның ақиқаты
Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романымен-ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл роман ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын-соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі туралы. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла-шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі. Романды оқыған болсаңыз «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса оның аралы қайда екен?» деген ойлар пайда болады. Ендеше, шындықты бірге іздейік.
Робинзон – қиялдан туған кейіпкер емес. Даниель Дефоның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы мен аралдың аты ғана өзгертілген. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған. Шындығында, Чили төңірегіндегі Мас-аТьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын») аралы – Робинзонның өмір сүрген құпия мекені болып табылады.
• Робинзон елсіз аралға қалай тап болады?
• Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы қалай суреттеледі?
• Робинзон өз уақытын қалай жоспарлады?
• Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?
• Аралда бірнеше жыл тұрған Робинзон қандай кәсіппен айналысты?
Решение:
• ол мұхиттың ағысымен аралға тап болады
• мұнда ауа-райы бірқалыпты әртүрлі жеміс-жидектермен өмір сүруге қолайлы мекен
• ол өзіне арнайы кесте құрып сол арада өмір сүруге бейімделді
• күннің сызығы арқылы уақытты білді
• дәнді егіп оны одан әрі көбейтіп мол өнім алады