СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жердегі климаттық өзгерістер

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғалымдардың атқарған қызметі туралы мәліметті жинақтап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат түрлерін, антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты географиялық жағынан зерттеу XIX ғасырда басталған. Климатология ғылымының дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс зерттеушісі, географ А. Гумбольдт және орыс климатологы Ф.И. Кеппен зерттеулері негіз болды.

XX ғасырда климатты аудандастыруға Ф.И. Keппен мен орыс географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. Ф.И.Кеппен Жер шарын ондағы температура мен ылғалға қарай 5 климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттерін қарастырды. Б.П.Аписов жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Ал өтпелі климаттық белдеулерде 1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады. Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады, сондайақ бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттар қыс пен жазда ең шеткі орнын алады. Б.П.Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де тексерілген.

 

Решение:

 Б.П.Аписов жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген

Климатология ғылымының дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс зерттеушісі, географ А. Гумбольдт және орыс климатологы Ф.И. Кеппен зерттеулері негіз болды.