СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жердегі климаттық өзгерістер

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Задание:

Өтініш құрылымымен танысыңыз. Мәтінді оқып, тақырыбын сыныптастарыңызбен талдаңыз. Қаладағы ауаны тазартудың ең негiзгi әдiстерi саяжай, саябақ, шалғындар жасап, газондарды көгалдандыруды сұрап, қала әкіміне өтініш жазыңыз.
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.

Өтініштің деректемесі:

— адресат;

— құжаттың аты;

— өтініш мәтіні;

— күннің жады;

— өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Ауаны ластанудан қорғау Қазiргi уақытта атмосфераны завод құбырларынан, жылу электростанцияларынан, жарылғыш құбырлардан, автомобильдерден шығатын түтiннен, қаракүйеден, газ тәрiздi заттардан және шаңнан қорғау туралы мәселесi тұр. Бұл заттың барлығы ауаны бұзады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Күйе, шаң өсiмдiктiң жапырағына жабысып, олардың фотосинтез, тыныс алу, булану процесiн бұзады. Мысалы, шегiршiн ағашы орманда өссе, 300 жыл жасайды, ал қалада орташа 45 жыл тiршiлiк етедi. Орманда жасы 400 жыл болған жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде ол 50-80 жыл ғана өседi. Күйе — бұл бу тәрiздi судың және түтiннiң қоспасы. Күйе ауаны тыныс алуға қажетсiз етiп, қан құрамының бұзылуына, тұншығуға әкеп соқтырады, организмнiң аураларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi. Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газынан тазартады, оттегiн бөледi. Ауа ластанған жерлерде, яғни қалаларда, түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Мұндай өсiмдiктерге терек, үйеңкi, жөке, бузина, емен, сары акация, түймедақ, жауқазын жатады. Жер атмосферасына көмек қажет.

Решение:

Құрметті әкімшілік органдары!

Менің сіздерге айтар бір өтінішім бар қазіргі таңда ауа-райының табиғаттың ластануы планетамыздағы басты мәселе болып табыладс. Сол себепті де осы мәселе ушығып кетпес үшін қаламыздағы газондарды, ағаштарды, жасыл желектерді көгалдандырып жасыл экологиялық аймақ жасауымыз керек. Себебі өсімдіктер ауаның тазаруына тікелей атсалысады. Егерде қаламызда өсімдіктер көбейетін болса фабрикалардан шыққан улы түтіндерді өсімдіктер таза ауаға айналдырып отырар еді.

Құрметпен жергілікті халық

2022 жыл