СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жердегі климаттық өзгерістер

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Задание:

Төмендегі салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратып, кестені толтырыңыз.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі, адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Халқымыздың табиғатқа деген ыстық махаббаты сондай, олар ормантоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғат – адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы, бірақ кейде біз оны ұмытып кетеміз. Табиғат – мол қазынаның кайнар көзі, табиғат — адам денсаулығының сенімді кепілі. Қазіргі таңда табиғаттың нашарлауы сонша, адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Қоршаған орта таза болуы шарт, дегенмен адамдар әлі де мұны ескермеуде.

Решение:

Ыңғайлас салалас:

Адам табиғаттың ажырамас бөлігі,адамсыз табиғат,табиғатсыз адам өмір сүру мүмкін емес.Табиғат-мол қазынаның қайнар көзі,табиғат-адам денсаулығыгың сенімді кепілі.

 

Қарсылықты салалас:

Табиғат-адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы,бірақ кейде біз оны ұмытып кетеміз.Қоршаған орта таза болуы шарт,дегенмен адамдар əлі де мұны ескермеуде.

 

Түсіндірмелі салалас:

Халқымыздың табиғатқа деген ыстық махаббаты сондай,олар орман тоғайларды сақтап,қоршаған ортаның ,өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мəн берген.Қазіргі таңда табиғаттың нашарлауы сонша,адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда .