СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Жердегі климаттық өзгерістер

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жердегі климаттық өзгерістер

Задание:

Төмендегі мәтінді оқып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Жердегі климаттық өзгерістер» тақырыбында сөйлесіңіз.
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол — одан да алапат қауiп. Бiрақ осы өзгерiстердiң салдары қалай болатынын тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес. Осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.

Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастады. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауы мұздықтарының жартысы ерiп кеткен. Сондай-ақ, жылдам еруге Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда мұздық қалмайды. Бұл деректер «20102020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi.

Решение:

Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. ——Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқандықтан,  бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз.

 

 

 

Әлемде болып индустриялық төңкеріс есебінен жер бетінің табиғаты өте үлкен зардап шегуде. Климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық жылынуды болып жатқанына барлық ғалымдар бір ауыздан келіседі.Жер бетіндегі қолданылған нәрселерді табиғат қайтадан орнына келтіре алады. Бірақ соңғы жиырма жылдың ішінде адам санының үлкеюіне байланысты және адамдардың қолданыс күштерінің артуына байланысты табиғат қайта қалпына келтіру күшінен бірнеше есе көп өнім қолданылып жатыр. Сондықтан өзендердің суы қайта орнына келіп үлгермей тартылыр кетіп жатыр ал ормандар жаңарып үлгермей кесіліп кетіп жатыр.Бұл болып жатқан өзгерістер жердің климатына қатты теріс әсер етуде. Мысалы соңғы жылдары бірнеше ешқашан қар жаумайтын жерлерде қар жауды. Ал кейбір мекендерде шектен тыс ыстық болып адамдар қатты қиналып қалды. Мұның бәрі табиғи климат балансының бұзылғанын көрсетеді.