СОР № 1 Казахский язык 7 класс Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Задание:

Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытыңыз.

Жер-ана туралы мысал
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңір адам пайда болды…

Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.
Ол құдіретті, зор әрі сымбатты болды. Ол күлгенде онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері нәресте сүйді, …

Решение:

Бірақ өкінішке орай адам ұрпағы кобейген сайын табиғат ластана бастады. Адамдар жеп ішкен қоқыстарын суларға, ормандарға тастайтын болды. Небір жаңа технологияларды ойлап тауып, солардың кесірі қоршаған ортаға тие бастайды.