СОР № 1 Казахский язык 7 класс Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Задание:

Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз.
А мәтіні
Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін «қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырларда).
Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де бір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынау жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді.
Ә мәтіні
2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» атты халықаралық көрме байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты — адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.
Байқаудың басты номинациялары:
«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»
«Ең үздік қолөнер туындысы»
Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейі
Басталуы: сағат 10:00-де
Келемін деушілерге есік ашық!
Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563

Решение:

Ұқсастық:қазақ ұлтының мәдениеті,сән салтанаты туралы айтылған.

Айырмашылық:а-мәтін:көшпелі қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені туралы

Ә-мәтін: қазақ ұлтының сәндік қолданбалары туралы.

Идея:а мәтін:Еркін деген ұғымды білдіретін «қазақ» атауының мағынасы,өмірі.

Ә-мәтін:«Көшпенділер мен байланыстар» атты халықаралық көрме байқауы .

Стилі:а мәтін: публицистикалық

Ә-мәтін:ресми

Мазмұны:а-мәтін:Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді.

Ә мәтін:Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау

Тілі:қазақ тілі