СОР № 1 Казахский язык 7 класс Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Назад
Казахский язык - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Задание:

Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.

Денсаулық — зор байлық
Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп, нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы, мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балалардың да есірткіні тұтынатын жағдайлары болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қолында. Мемлекетіміздің алдына қойып отырған елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.

Решение:

Бүгін де есірткі құмарлық көбейіп келеді.  Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған.Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қолында. Жастардың денсаулығы мықты болса ғана еліміздің болашағы зор болатынына үміт бар.