СОР № 1 Казахский язык 8 класс Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Задание:

Мәтіндермен танысыңыз.
Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірінбірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда. Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?.. P.S. Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа. 18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны… (а) Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.

(ә) Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады? _____________________

(б) Мәтіндер қай стильде жазылған? Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма? ______________________

Решение:

А) Көне түркі жазуы:тайпа,Орхон өзеңі,руна жазуы,көне түркі жазуы.

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы:өркениет,тарих,ұрпақ,түркі тілдес мемлекеттер,алаш арыстары.

Ә) Мәтін ерекшелігі: жазба түрде ақпарат анық және түсінікті жеткізілді. Мазмұны мен құрылымы айқын білінді.

Б)стиль:публицистика

Ерекшелік пен стильдің қатынасы бар . Себебі шешендік сөздер қолданылған.