СОР № 1 Казахский язык 8 класс Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Задание:

Мәтінді оқыңыз.

Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы УланБатордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады. Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. Күлтегін жыры – патриоттық рух беретін батырлық жыр. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы 27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліптіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда» сөздері жазылған.

(а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз. __________________

(ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. Жалқы есімдерді қолданыңыз. ___________________

Решение:

А)Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы.

Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр.

Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады.

Ә)Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы УланБатордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы.Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды.Кіші жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы 27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліптіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда» сөздері жазылған.