СОР № 1 Казахский язык 8 класс Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Задание:

Мәтіндерді сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс бойынша оқып шығыңыз.

1-мәтін Әлемдік мәдениет – жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады. Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М.Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары. Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт Ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды. Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты. Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады. Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.
2-мәтін «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел 2017 жылдың 3 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер, экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері, ғалымдар және зерттеушілер қатысады. Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

Решение:

Стиль:1)публицистика
2)ғылыми
Тақырыбы: 1)Әлемдік мәдениет
2) «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»
Түрі:1)сипаттау
2)пайымдау
Құрылым:мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратты анықталды.
Ұқсастық:екі мәтінде де әлемдік мәдениет жайлы айтылған
Айырмашылық:1 мәтінде жалпы әлемдік мәдениет жайлы айтылды.Ал 2 мәтінде ҚР мәдениеті жайлы.