СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақ жазуының даму жолы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

Задание:

  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұпта талқылаңыз.

2. Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжап көріңіз.

3. Мәтінді тыңдаңыз. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 19401992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
4. Сұраққа жауап беріңіз. — Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?

Решение:

1.Қазақ фонетикасы ерекшеліктері-Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты. Сөз құрамындағы, сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сөйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық ерекшелігіне сай орфоэпиялық норманы сақтау қажет.

2.Төте жазуды пайдалану.А.Байтұрсынұлы ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. Ден қойған адам оны бір-екі айдың ішінде үйреніп алатындай , 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болды. Жұртшылық сондықтан бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, төте жазу, төте оқу деп атады.

3.Латын графикасы негізделген.Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді.

4.Қазақ тілінің әліпбиін өзгерту.Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.

2.

Мәтін тақырыбы

Қазақ фонетикасының даму кезеңі

Мәтіндегі көтерілген мәселе

Бұл мәтінде негізі,қазақ тіл фонетикасының  қысқаша тарихы жазылған деп айтуға болады.Араб графикасының негізделуі кезінде туындаған мәселелер де аталып өткен.Сонымен қатар қазіргі таңдағы кириллицаның қолданылуы да жазылған екен.

4.Жалпы,менің жазған болжамым мәтін мазмұнымен сәйкес келіп тұр деп есептеймін.