СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақ жазуының даму жолы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақ жазуының даму жолы

Задание:

Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз.

Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
Дереккөзі:

1. Дирингер Д., Алфавит, М., 1963.

2. Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963.

 

Решение:

Мәтін жанры:ақпараттық

Жанрлық ерекшеліктері:

1.Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады . Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты.

2.Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды.

3.Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар.

Тілдік ерекшеліктері:

Бұл мәтіннің жанры ақпараттық болып табылады.Себебі,нақты қарасақ,әліпби жайлы толық мәлімет берілген.Қай ғасырда қалай дамығандығы жайлы айтылған.