СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Жолың болсын, жолаушы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

Задание:

1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Стюардесса қызметіне әуе команиялары қандай талаптар қояды? Кем дегенде 5 талапты көрсетіңіз.

2) Стюардесса мамандығының қандай мүмкіндіктері бар? Кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.

3) Стюардесса мамадығы бойынша мансапта өсу үшін қызметкер қандай сынақтардан өтеді? 1-2 мысал келтіріңіз.
«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға жетелейді. Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.
2. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.

 

Решение:

1.

1) Стюардесса қызметіне әуе команиялары қандай талаптар қояды?

1.19-30 жас аралығындағы;

2.бойы 160-180 см-ге дейінгі;

3.келбетті, сүйкімді;

4.дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт,сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс;

5.бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды;

2) Стюардесса мамандығының қандай мүмкіндіктері бар?

Бұл мамандық жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.

3) Стюардесса мамадығы бойынша мансапта өсу үшін қызметкер қандай сынақтардан өтеді? 1-2 мысал келтіріңіз.

Жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады.

2.

1+

2-

3-

4+

5+

6-

7+