СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Жолың болсын, жолаушы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

Задание:

1. Өлеңді оқып, идеясын анықтаңыз. М.Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз» Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс, Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар. Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз. Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда. He бетімізді айтамыз Болашаққа? Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар, Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес, Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! …Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады, Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар

2. Өлең шумақтары негізінде қарапайым жоспар құрыңыз.

1)

2)

3)

3. Идея мен жоспар бойынша автор ойына қатысты өз пікіріңізді «ПТМС формуласы» негізінде түсіндіріңіз. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …»; Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»; Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: …».

Решение:

1.Идеясы:Бұл өлең шумақтарынан ата-бабаларымыздың болашаққа үлкен жауапкершілікпен қамданғанын байқауға болады.Тек жақсы жақпен ат салысуды талап ете білген.Болашақ ұрпақтың қамы үшін қолдан келген шараның барлығын істей білген.Автордың негізгі ойы да сол,барынша болашаққа даму жолында тек адал жолмен жүруді жеткізгісі келген.

2.

1)Болашаққа нық қадам.

2)Жат қылықсыз әрекет ету.

3)Жақсылықпен болашақты құру.

3.

Менің ойымша,автордың жазып отырғаны өте орынды.Оның себебін былай түсіндіремін,астарлы өлең жолдарымен терең мағынаны жеткізе білді.Оны мына мысалмен дәлелдей аламын,Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда.Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім,болашаққа жетелейтін жол тек игі істермен ғана жүзеге асады.