СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Жолың болсын, жолаушы

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жолың болсын, жолаушы

Задание:

Жанрлық ерекшелігін сақтап, стюардессаның лауазымдық қызметі туралы нұсқаулық жазыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.

Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар. _____________________________________________________________________________

Решение:

Алдымен өзіңіз істегіңіз келетін компанияның сайтындағы анкетаны толтырыңыз. Кандидатураңызды қарастырған жағдайда, сізді бірнеше кезеңнен тұратын әңгімелесуге шақырады. Бірінші кездесуде жұмыс беруші сізбен танысып, біліміңіз, тәжірибеңіз және шет тілін қаншалықты білетіндігіңіз жайлы сұрайды. Сонымен қатар бұл кезеңде ұшу кезінде қиын жағдайлардан шығу амалдары сияқты арандатушылық сұрақтар да қойылуы мүмкін.Жұмысқа тұру үшін әңгімелесуге баратын болсаңыз қатаң дресс-кодты ұстаныңыз: шашыңыз ұзын болса буып қойыңыз, болмаса жайып қойыңыз, қарапайым макияж және іскерлік кәстөм мен белдемше киіңіз.Бұдан кейін бірнеше шет тілінде жазбаша әңгімелесу болады. Мұнда сіз тек өзіңіз жайлы ғана емес, болашақ мамандығыңызды қаншалықты білетіндігіңізді баяндайсыз. Барлық әңгімелесуден сүрінбей өтсеңіз сізді медициналық комиссиядан өтуге және психологтың сынағынан өтуге жібереді. Осындай қатал іріктеуден кейін 70% үміткер шығып қалады. Қалған 30%-ы стюардессаларға арналған арнайы мектепке түседі. Практикалық және теориялық жаттығулардан тұратын оқу 3-6 ай жалғасады. Болашақ жолсерік ұшу жайлы бәрін білуі керек – қолданылатын ұшақтардың түрлерінен салондағы дүрбелеңді тоқтату амалдарына дейін. Оқу біткен соң қыздар емтихан, ал бұдан да сәтті өткендер тәжірибе тұрғысынан нұсқаушымен 30 сағат ұшу емтиханын тапсырады. Бәрі біткен соң үшінші дәрежелі жолсерік деген куәлік табысталады.Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу.