СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Көшпенділер мәдениеті

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

Задание:

1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.

Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған. Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді. Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.

2. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді мағынасы жақын балама сөздермен аусытырып жазыңыз. Үлгі: Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. Әйелдердің көнеден келе жатқан сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
1) Қыздардың бас киімі кестемен тігілген. ___________________________________________________

2) Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. ___________________________________

3) Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген. ________________________________

4) Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген. _______________________________

Решение:

1.

Камзол-көйлектің сыртынан киюге арналған жеңі жоқ киім.

Тақия-гауһар тастармен көмкерілген,түрлі-түсті маталардан тігілетін бас киім.

Үкі-сәндік үшін қыздардың бас киімінің төбесіне қадайтын қауырсын.

Сәукеле-ұзатылатын қыздарға арнап тігілетін ұзындау бас киім.

Кимешек-балалы болған әйел киетін бас киім.

Кебіс-егде жастағы әйелдердің киетін бас киімі.

2.

1) Қыздардың бас киімі кестемен тігілген.Әйел адамдардың бас киімі кестемен тігілген.

2) Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі.Үкілі тақия-қазақ қыздарының өзгеше ұнатып киетін бас киімі.

3) Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен әсемделген.

4) Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген.Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, қарт әйелдер аласа өкшелі киген.