СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Көшпенділер мәдениеті

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Көшпенділер мәдениеті

Задание:

Еліміздің киноиндустрия саласында көшпелілер тарихы туралы сапалы фильмдер аз екені белгілі. Осы мәселеге қатысты ойыңызды жергілікті газет бетіне шағын мақала түрінде жариялаңыз. Мақалада берілген тіркестерді қолданыңыз.
Көрерменнің жүрегіне жол табу, ерекше әсер, сынға ұшырау, «көш жүре түзеледі», мәдени мұра, рухани жаңғыру,көрерменге жол тарту, жауһар эпостарымыз

Решение:

Еліміздің киноиндустрия саласында көшпелілер тарихы туралы сапалы фильмдер аз екені белгілі. Расында да бұл сөздердің жаны бар.Қазіргі таңда өзге дүниелерге көп көңіл бөлініп кеткені рас.Әсіресе көшпелілер тарихы ұмытылып бара жатқаны анық.Киноиндустрия саласының бұл тақырыптарға фильмдер түсірмеу себептері бар сияқты.Заманауи жастар бұндай сюжеттегі фильмдерді көп қарастыра бермейтіндері рас.Ал қазіргі таңдағы рейтингті көтереті жастар қауымы болып табылады.Ал киноиндустрия саласындағы қызметкерлерге рейтинг мәселесі маңызды екені белгілі.Ал көшпелілер тарихы сәл шетте қалып қалған сияқты.Менің ойымша,киноиндустрия саласындағы қызметкерлер өз жұмыстарын өзгешелікпен атқарса барлығы өзгеретін сияқты.Себебі қазіргі таңдағы көрермендер ерекшелікке аса назар аударады.Көрерменнің жүрегіне жол табу арқылы рейтинг деңгейін көтеруге болады.Тек фильмді қараған адамға ерекше әсер қалдыра білсе болғаны.Әрине,бұндай үлкен дүниені жүзеге асыру да оңай емес.Алайда шабытқа толы болған адам,өте ерекше туынды шығара алады.Сонда ғана бұндай фильмдер көрерменге жол тартаттын болады.Қазіргі таңда қарастырсақ,көп қазақ фильмдері сынға ұшырауда.Бұның себебі,көрермен қалаған дүниені киноиндустрия саласының бере алмауы деп түсінемін.Егерде болашақта осы жоғары да айтып өткендей,ерекше шабытқа толы адамдар киноиндустрия саласын дамытатын болса жеткілікті.Сонда ғана қазақ халқымыздың мәдени мұрасы да,тарихи қазынасы да ұмытылмайтын болады.Сәйкесінше,бұл әрекеттер рухани жаңғыру саласына да  жақсы жағынан үлкен септігін тигізеді.Сонымен қатар осындай ұлттық тарихи форматтағы фильмдер кинотеатрда көрсетілетін болса,өте пайдалы болар еді.Қазіргі таңдағы жастар қауымы  фильмдерді кинотеатрда тамашалағанды жақсы көреді.