СОР № 1 Казахский язык 9 класс Мәңгілік Ел – мұратым

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Задание:

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңіз. Түпнұсқа мәтінмен салыстырыңыз.

Президент не үшін жыл сайын жолдау жасайды? Жыл сайын елімізде Елбасының кезекті жаңа Жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ Жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз. Тек жолданған Жолдауды талдаймыз. Әр елдің президенті өзінің халқына Жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяси көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады. ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстан Жолдауды жыл сайын жолдап қана қоймай, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың Жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды. Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол табу деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау – бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз. Президент Жолдауды көлемді әрі шағын түрде жолдайды. Дегенмен көлемді түрі көп қолданылады. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.

Решение:

1.Жолдау деген не?

Не туралы сөз болды?

Әр жыл сайын Елбасының арнайы халқына өз шешімімен бөлісетін жинақ түрі.

Шындығында не айтылды?

Әр елдің президенті өзінің халқына Жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі.

2.Жолдаудың мақсаты қандай?

Не туралы сөз болды?

Елбасының мемлекет үшін қамтамасыз ететін әрекеттерінің жинағын халыққа жеткізу.

Шындығында не айтылды?

Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу.

3.Жолдау сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Не туралы сөз болды?

Мемлекет басшысы мен қарапайым халық арасындағы байланыс түрі.

Шындығында не айтылды?

Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол табу деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау – бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз.

4.Жолдаудың негізгі талабы?

Не туралы сөз болды?

Елбасының халықтың қамы үшін деп шығарған шешімімен келісу.

Шындығында не айтылды?

Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.