СОР № 1 Казахский язык 9 класс Мәңгілік Ел – мұратым

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Задание:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың! Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу – барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі. Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам, ақ түйенің қарны жарылған күн болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты… Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол – Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!

2. Мақаланың жанрлық түрлерін анықтамасымен сәйкестендіріңіз.

 

 

Решение:

Бас Мақала-заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

Проблемалық Мақала-шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

Насихаттық Мақала-ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

Публицистикалық Мақала-қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.