СОР № 1 Казахский язык 9 класс Мәңгілік Ел – мұратым

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Задание:

Берілген тақырыптың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен мәтін құрастырыңыз.

Решение:

Сұхбат

Журналист:

-Сәлеметсіз бе!Сіздер жас мамандар ретінде бірнеше сұрақтар қойсам?

Жас маман:

-Сәлеметсіз бе,әрине қарсы емеспіз.

Журналист:

-Қуаныштымын,енді мынандай басты сауал, «Мәңгілік ел»идеясын қалай түсінесіз?

Жас маман:

-Менің ойымша,ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды, ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық деп толық сеніммен айта аламын.

Журналист:

-Түсінікті,сіз маман ретінде еліміздің жас ұрпақтарына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Жас маман:

-Ата-бабаларымыз жас ұрпаққа үлкен сенім артып кеткені рас.Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізіп отыр.Ендігі жас ұрпақтың басты міндеті елін асқақтатып,жау иелерінен қорғап,шамасы келгенше мемлекет тұғырын биікке көтере білу қажет.

Журналист:

-Сұрақтарға ойыңызды ашық жеткізіп,нақты жауап бергеніңізге рақмет!

Жас маман:

-Оқасы жоқ,мен де өте қуаныштымын.