СОР № 1 Казахский язык 9 класс Мәңгілік Ел – мұратым

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Мәңгілік Ел – мұратым

Задание:

Тақтада жазылған сөйлемдерді есте сақтап, жүгіру диктантын (Running dictation) орындаңыз, жалқы есім, сөз тіркестері мен кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар, бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Решение:

Қымбатты отандастар!Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Бабаларымыздың арманы.Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, елболашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.