СОР № 1 Казахский язык 9 класс Жаһандану мәселелері

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жаһандану мәселелері

Задание:

Кестеде берілген ақпаратты түсініп оқыңыз. Берілген сұраққа мәтін мәліметтерін салыстыра отырып жауап беріңіз. Қазақстанның жаһандану деңгейі бойынша 82-орынға тұрақтанған. Бұл нені көрсетеді?

Решение:

Бұл біздің елімізде жаһанданудың әлі де жақсы дамымағандығын, көптеген іш-шаралар жүргізу керектігін көрсетеді.Жаһандану мәселесі өз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан халқының мәдениетіне, көпғасырлық дәстүрге, халық даналығына әсер етуде. Еліміздің дамуының өзгеше ерекшеліктерінің бірі, оның болашаққа деген ұмтылысы болып табылады. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөлген болатын. Сонымен қатар, XXI  ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дәлелденген мәселе ретінде — жастар кез-келген мемлекеттің болашағы. Әлемдік өркениетке ену процесі жастардан іскерлік пен біліктілікті, ақылдылық пен парасаттылық талап етуде. Жастар саясаты — жарқын болашақ кепілі. Елбасының жаһандандыру мәселесінің оң және теріс әсерін салыстыра келе, оны салмақты, жүйелі басқару қажеттілігін айтқан.