СОР № 1 Казахский язык 9 класс Жаһандану мәселелері

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жаһандану мәселелері

Задание:

Массагет жастар порталында «Жаһандану ежелден келе жатқан тарихи үдеріс пе, әлде бұл тек қана ХХІ ғасырдың дүбірі ме?» деген сауал қойылған екен. Сіз қалай ойлайсыз? Екі жақты пікірдің бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.

Решение:

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір  салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жүргендерінің бірі. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын көп тұстарында шеттетті. 1980 жылдардың соңында «жаһандану» сөзі ғылыми лексикада əлі кездеспеген. Мəселен, америкалық социолог П. Робертсон (Р. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) жұмысының атауында қолданады. Дегенмен экология мен технологиялық пəндер аясында жаһандану жөнінде 1960 жылдары басқа терминдермен ертерек айтыла бастаған .Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолда- нылады: постиндустриалды дəуір, ақпараттық революция ғасыры, техножаһандану жəне т.б. Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.Жаһандану мəніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік өмір жəне т.б. ұйымдастыруға қатысты.«Жаһандану» сөзі жалпыəлемдік мағынасында ұғылмаған. Семантикалық тұрғыдан, ол «жерді қамтуды» немесе, дəлірек айтқанда, «жерді бағындыруды» білдіреді. Əрине, бұл үйлесімді тіркесім емес, бұл жаңа тіркестің авторы оған агрессивті реңк берген. Ал сөз қандай да басқа болмыстық ақиқаттан бөлек нəрсе болғандықтан, ол жалғандықты қабылдамай, қалай болғанда да, шындықты білдіреді. Сондықтан «Тіл адамға өз ойларын жасыру үшін беріледі» деген Талейран формуласы əділетсіз əрі лас болып табылады, ол өзінің пайда болуы кезінде-ақ беделден жұрдай болған, себебі автор өз анасынан басқаның бəрін сатып жіберген адам болады, оның анасын сатпағандығының себебі де оған сатып алушы табылмағандықтан болған .

Бəрі де кəдімгі қалпында, яғни қалыпты, ұғынылған түрде болуы тиіс. Дүниежүзілік қауымдас- тық үйлесімділікке жетудің жолдарын, жаһанданумен тудырылған мəселелердің дұрыс шешімдерін табуы тиіс. Негізі, ол табиғи жолмен жүрген жағдайда мəселе тудырмаған болар еді. Үрдіс қалыпты түрде дамып келді. Ақпарат аясындағы жаһандану толықтай аяқталды, жер бетінде телефон, радио, тіпті интернет орнатылмаған нүкте  жоқ десе де болады. Ақпараттың жаһандануы əкелген игілік еш құпия, əсіресе саяси құпия қалмады, ал бұл адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастағанды- ғын, сенімсіздіктің азайғандығын білдіреді. Бұл жəне жаһандану — қоса алғанда, ұлы жетістік .

Жаһандану дүниежүзілік дамудың заманауи сатысының орталық бағыты бола отыра, интегра- циялық үрдістермен немесе интеграциямен ілесе жүреді.Жаһандануға қатысты қарастыру тəсілдерінің бірі оны адамдардың қарқынды өзара əрекеттесуі жүзеге асырылып жатқан кеңістікті тарихи тұрғыдан үздіксіз кеңейтуді болжайтыны кездейсоқ емес. Дегенмен интеграция жаһандану үрдісінің неғұрлым маңызды бөлігі бола тұра, əйтсе де тек бөлігі болып табылады. Интеграция жөнінде айта келе, ең алдымен, оның мемлекеттік қатысушылардың жақындасуын меңзейтіндігін есте сақтау қажет. Мемлекеттік емес акторлар, əдетте интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында қарастырылмайды немесе зерттеушілер назарының артқы шебінде қалып жатады. Бұл  тұрғыда қандай да бір елдің жаһанданулық емес, интеграциялық үрдістерге енуі жөніндегі ойлар неғұрлым дəл болады, себебі шартты түрде алғанда, мемлекет толықтай мемлекетаралық келісімдерге қол қою негізінде интеграцияланады. Ал жаһандану, біріншіден, мұндай келісімдерді тұспалдамайды, екіншіден, бір мемлекеттің түрлі аймақтары үшін əрқилы өтуі мүмкін .Мемлекетаралық ықпалдасу тəжірибесі баяғыдан бері қалыптасқан. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кең ауқымда ықпалдасу тұрақты нысанға ие бола бастады. Бұл, ең алдымен, ықпалдасуды қарқындатумен, оның аяларының кеңеюімен жəне нағыз интеграциялық үрдістердің дамуымен байланысты, аталған үрдістер мемлекетаралық құрылымдар мен институттарды құруды талап етті. Сондықтан интеграцияны сипаттайтын тағы бір маңызды сəт ретінде жай ықпалдасу емес, мемлекетаралық өзара əрекеттесу механизмдерін құру, басқаша айтқанда ықпалдасуды институт- тандыруды атауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда интеграция, біріншіден, шешім қабылдаудың мемлекетаралық механизмдерін қалыптастыруды болжайтын үкіметаралық ұйымдардың дамуымен өте тығыз байланысты болады. Бірлескен институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады. Екіншіден, интеграция екі көзқарас тұрғысынан: мемлекеттердің өзара əрекеттесуінің үрдісі жəне нəтижесі ретінде  қарастырылады .

Мемлекеттерді интеграцияға ынталандыратын не нəрсе? Ең алдымен – ортақ мəселелердің болуы, оларды бірлесе күш салып шешу оңайға соғады, ал кей жағдайларда тек осындай жолмен шешу мүмкін болады. ХХ ғасырдың аяғы — ХХІ ғасырдың басында əлемнің дамуы халықаралық байланыстардың, əлемнің, əсіресе экономикалық салада өзара байланыстылығының күшеюіне əкелді, бұл интеграциялық үрдістерге жəне түрлі үкіметаралық ұйымдарды құруға септігін тигізеді. Осы өзара тəуелділікпен жаһандық мəселелердің өсуі тығыз байланысты болады, оларды шешу үшін де түрлі мемлекеттердің өзара келісілген əрекеттері қажет.

Жаһандану көптеген экономикалық, саяси, əлеуметтік, мəдени жəне басқа да қатынастар мен байланыстардың дүниежүзілік сипатқа ие болуын алдын ала қарастырады. Сонымен бірге ол өзара əрекеттесу деңгейлерінің жеке мемлекеттер шегінде де, мемлекеттер арасында да өсуін болжайды.Жаһандану – бір мезгілде мемлекетаралық жəне трансұлтшылдық нысандарда дами алатын екіжақты үрдіс. Оны иеленушілердің көптілігі де осы тұстан: мемлекеттер, олардың коалициялары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар. Актерлердің көп болғандығына қарамастан, олардың арасындағы өзара əрекеттесу еркін бəсекелестік ережелері бойынша өту үшін қажетті санындай болмайды. Ол одан гөрі олигополистік сипатқа ие болады.Халықаралық қатынастар жөніндегі ғылым басты назарын əлемнің Шығыс-Батыс немесе Солтүстік-Оңтүстік биополярлы құрылымы ретінде қабылданған кездегі қырғи қабақ соғыс кезеңінің аяқталуына, транснационализацияландыруды жеделдетуге жəне елдердің өзара тəуелділігін арттыруға, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың көмегімен халықаралық тəртіпті орнатуға аударады. Социологтар мəдениеттің əмбебаптануының ықпалымен түрлі елдер мен аймақтарда тұратын адамдардың жақындасуы жөнінде дəлел келтіретін фактілерді мұқият бақылайды.Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б.Бадидің көрсетуі бойынша, жаһандану феноменіне бірыңғай анықтама берілмейтіндігіне байланысты, ол бұл ұғымның, халықаралық қатынастар жөніндегі ғылымның көзқарасы тұрғысынан маңызды болып саналатын үш  өлшемін бөліп көрсеткісі келген: 1) жаһандану – бұл көптеген жүзжылдықтар аралығында дамып келе жатқан тарихи үрдіс; 2) жаһандану дүниежүзінің гомогенденуін, ортақ ұстанымдар бойынша өмір сүруді, ортақ құндылықтарға берілгендікті, тəлім-тəрбиенің ортақ дəстүрлері мен нормаларына жүгінуді, барлығын əмбебаптандыруға ұмтылысты білдіреді; 3) жаһандану – бұл өсіп келе жатқан өзара тəуелділікті мойындау, оның басты салдары ретінде жалпығаламшарлық оқиғалардың жаңа қатысушылары бірдей негізде тек өзара ғана емес, сондай-ақ халықаралық қатынастардың дəстүрлі түрде əрекет етуші тұлғалары болып табылатын мемлекеттердің өздерімен өзара əрекеттесуші жаһандық фирмалар, діни топтар, трансұлтшылдық басқарушы құрылымдар (желілер) əрекеттерінің ықпалымен ұлттық мемлекеттік егемендікті бұзу, жою болып табылады .

Қаржылық жаһандану маңызды, жаһандану жөніндегі пікірталастардағы тіпті орталық орынды алады. Жаһандық қаржылық нарықтарды дұрыс бағалаудың пайдасына келесі аргументтер дауыс береді: əрбір кəсіпкер үшін өзін валюта курстары мен пайыздық мөлшерлемелердің күтпеген жəне күрт өзгерулерінің тəуекелінен қорғай алу мүмкіндігі, мұнай қаржылық шок немесе екі Германияның бірігуі тəрізді күтпеген жерден пайда болған оқиғаларға жылдам бейімделу, сондай-ақ экономикалық тəлім-тəрбиенің қандай да бір тəртібін кепілдеу. Жаһандық өлшемдегі нарық қатынастарының басымдылығы жағдайында мемлекеттер неғұрлым тиімді экономикалық стратегияны жүзеге асыруға мəжбүр .

Қытайдың дүниежүзілік нарықтардағы атқаратын рөлінің шапшаң артуы жөніндегі ақпараттарды келтіретін (1980 жылдан 1996 жылдар аралығында Қытай экспорты сегіз есе – 18 миллиардтан 151 млрд долларға дейін артқан) француз зерттеушісі Ф. Лемуанның басты ойы елдің «дүниежүзілік сауданы жылжытушылардың» біріне айналуы тек ішкі себептерден ғана болып қоймай, сондай-ақ шетел капиталдары мен Қытай саудасының «бөліп таратқыш платформасы» болып табылатын Гонконгтың арқасында жүзеге асқандығында қамтылған. Гонконг арқылы шетел салымдары мен Қытайдың сыртқы саудалық айналымы өтеді. Əлемдегі жаһанданушылық бағыттардың болмауы жағдайында, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да жаңа индустриалды елдері сияқты экономикалық дамудағы алға бағытталған соншалықты күшті талпыныстарының орын алуы екіталай болар еді .

Жаһандану жалпы дүниежүзілік сахнаға халықаралық қатынастардың, кем дегенде, жеті жаңа субъектісін шығарды, олардың шешімдері мен əрекеттері бүгінде дүниежүзілік үрдістерге  ықпал етеді. Бұл халықаралық ұйымдар (МВФ, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ФАО, МОТ, ВТО, «Үлкен жетілік», оның қатарына Ресей қосылғаннан кейін ол «сегіздікке» айналған), аймақтық ұйымдар (олардың саны, жалпы алғанда, шамамен 60), көпұлтты корпорациялар (шамамен 60 мың), институ- ционалдық инвесторлар (зейнетақы жəне инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары), үкіметтік емес ұйымдар («жасылдар», «дəрігерлер еш шектеусіз» қозғалысы жəне т.б.), ірі қалалар (Лондон, Нью-Йорк, Токио, Франкфурт, Париж), индивидтер (ғылыми қызметкерлер, университет профессорлары, əртістер, Дж.Сорос, Б.Гейтс сияқты жеке тұлғалар). Олардың ішінде осындай қарастыруға жататын төрт субъектіні атауға болады: АҚШ басты жаһандық «актер» ретінде, МНК, қалалар мен индивидтер.

Бавар  институтының  профессоры  Норман  Бертольд  жаһандану  үрдісіне неғұрлым тереңірек «Азияның қарқынды дамып келе жатқан елдері» мен «Шығыс Еуропаның бұрынғы коммунистік мемлекеттері» тартылып келе жатқандығын көрсетеді. Ол дүниежүзілік экономиканың жаңа қатысушылары «біліктілігі онша жоғары емес жұмыс күшін қолдану арқылы өндірілетін көпшілік тұтынатын өндірістік тауарларды өндірудегі салыстырмалы артықшылықтарға ие болып отырғандығын айтады. Бұдан басқа, Батыс жарты шарының дəстүрлі өндірістік мемлекеттерінің күшті жақтары ең жаңа өнімді ұсына алу қабілетінде қамтылады, мұндай өнімді өндіру үшін, жоғарыбілікті жұмыс қолдары қажет. Сəйкесінше, осы аталған екі фактордың болуы – мына жақта жай еңбек, ана жақта – аса жоғары біліктіліктің адами капиталы – дүниежүзілік нарықтағы бұрынғы жəне жаңа ойыншылары арасындағы сауда ағындарының қозғалысын белгілейді.

БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның пікірі бойынша, көптеген дүниежүзілік көшбасшылар мен қаржы мамандары түрлі елдердің экономикалық өзара тəуелділіктерінің өсуінің саяси салдарын жеткілікті дəрежеде бағалай алмаған. Енді соның ақысын қайтару қажет. «Жаһандану шынайы болмысты бейнелейтін құбылыс ретінде емес, жыртқыш капитализмнің идеологиясы ретінде көрініс табады: миллиондаған адамдар жапа шегуде, жиналған ақшалай қорлар жойылған, ондаған жылдар бойына қымбат бағаның құнымен қол жеткізілген кедейлікпен күресудегі ілгерілеуге үлкен қауіп төніуде», — деп көрсетеді ол .

Өзінің пікірлерінің қаталдығымен танымал болған Малайзияның премьер-министрі М. Мохамад жаһандануды жарты ғасыр бұрын бостандық алған аймақтардың реколонизациялану нысаны деп те көрсетеді. Оның айтуынша, кедей халықтарда бұл зұлымдықпен күресудің тіс пен тырнақтан басқа құралдары жоқ. Дегенмен жаһанданудың олар үшін нені білдіретіндігін түсінген кезде, олар өзіндік «партизандық соғысты» бастайды. Сөйтіп, əлемнің поляризациясы жөнінде əбден байсалды авторлар да айтып жататыны байқалады.

Қазақстан Республикасының Басшылығы жаһандануды «тежеп немесе тоқтатып қоюға мүмкін емес уақыт талабы» ретінде қарастыра келе, халықаралық қауымдастықтың назарын қалыптасқан жаһандық мəселелерді тек түгелдей дүниежүзілік қауымдастықтың күшімен ғана шешуге болатындығына үнемі аудартып отырады.

Жалпы бір тұжырымға келсек, ғаламшардың əрбір тұрғынының ахуалын арттыру үшін халықаралық қатынастардың акторлары осындай жағдайда əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері жасағандай, өздерінің ұлттық мүдделерін қорғай отыра, жаһандану үрдісіне неғұрлым белсенді құралдармен интеграциялануы тиіс.