СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы "Теміржолшы"

Задание:

Мәтін құрылымын, стилі мен жанрын анықтаңыз. Тілдік ерекшелігін талдап, түсіндіріңіз.
Астанадағы «Ел қанаты» қоғамдық қоры еңбек нарығына қандай мамандықтардың қажеттігі мен қазіргі түлектердің кәсіби сапасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізіпті. «Ел қанаты» қоғамдық қоры президенті Асланбек Жақыптың айтуынша, олар алдымен әртүрлі компания басшылары, жеке кәсіпкерлер – барлығы екі мыңнан аса жұмыс беруші арасында еліміздегі кадр тапшылығы жөнінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі астаналықтар болыпты. Респонденттердің 50,6 пайызы елімізде мамандар тапшылығы жоқ деп есептейді екен, бірақ 32,6 пайызының пікірі – керісінше. Жұмыс берушілердің пікірінше, елімізде ең қат болып отырған мамандар – инженерлер (13,8 пайыз) мен дәрігерлер (12,8 пайыз). Содан кейін құрылысшылар, бағдарламашылар, мұғалімдер мен оқытушылар екен. Ал, «Оқу орындарында даярланып шығатын түлектердің кәсіби білімі қазіргі экономика талаптарына сай ма?» деген сауалға 44,5 пайызы «сәйкес келе бермейді» деп жауап берген. Журналистермен өткен баспасөз мәслихатында «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ студенттермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Тоғжан Жұмағұлова: «Сондықтан оқу орындары мамандар даярлау сапасына айрықша көңіл бөлуі тиіс» дейді. Оның айтуынша, жұмыс берушілердің 63 пайызы түлектердің біліміне, кәсіби даярлығына көңілі толмайтын көрінеді. Еңбек нарығындағы сұранысқа болашақ мамандардың таңдауы сәйкес келе ме? «Ел қанаты» қоғамдық қоры бұл сауалды еліміздің сегіз өңірінен 2 мыңдай респондентке көлденең тартып, арнайы сауалнама жүргізген. «Бұрынғыдай емес, бүгінде жастар еліміздің еңбек нарығына техникалық маман иелері қажет екенін түсінген секілді. Сауалнамаға қатысқан Астана мен Алматы және Қарағанды қаласындағы жоғары сынып оқушылары мен түлектердің көпшілігі техникалық саланы жөн көретінін айтыпты. Тек 6,1 пайызы ғана құқықтану мен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруды қалайтынын жеткізген» дейді қор жетекшісі Асланбек Жақып. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бекерден-бекер жүргізілген жоқ. Жиында сөз алған Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Дамир Меңдіғалиевтің айтуынша, сауалнама қорытындылары министрлік тарапынан ескерусіз қалмайды. Әсіресе, түлектердің еңбек нарығына сай сапалы маман болып шығуына министрлік ерекше көңіл бөлетін болады.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра