СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Задание:

1. Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. 1-мәтін Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті. «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі бойынша түсірілген фильм бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Тамаша туынды қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді. Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады. Режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» киносында Кәукен Кенжетаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Боранбаев, Кененбай Қожабеков т.с.с. қазақ өнерінің хас шеберлері бой көрсетеді. Сондай-ақ, Досхан Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Сапарғали Жәкішев сияқты сол кездегі жас актерлер түсті. Басты кейіпкер Салтанат келіннің бейнесін сомдаған Жанна Қуанышева нағыз қазақ келінінің бейнесін көрсете білді. Жаны сұлулық пен нәзіктік атаулысына құштар көнбіс мінезділігінің арқасында ол талай көрерменнің жүрегіне жол тартты. Ал оның жары Тастан рөлін сомдаған Әнуар Боранбаев салқын мінезді нағыз ер-азаматтың бейнесін көрсете алды. «Гауһартас» киносы қазіргі таңда қайта жаңғырды. Киносүйер қауым тамаша туындыны телеарналардан ғана емес, енді ғаламтор арқылы да көре алады.

2-мәтін Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинофильмі көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны сөзсіз. Фильм көрермендерге қалай әсер берді, фильм қай жағынан ұнады, назарларыңызға фильмді көрген көрермендердің пікірлерін ұсынамыз. Әсем (Instagramm желісінен: sema_0101): Бұл фильм маған өте қатты ұнады. Әр қазақ көруге міндетті фильм деп ойлаймын. Киноны көріп отырып жыладым… Күйініштен жыладым… Өз перзентін бір көруге зар болған ана жүрегінің тілімделгенін көріп жыладым… Қазағымның көрген қасіретін көріп жыладым… Балалар анасынан, аналар балаларынан айырылмаса екен! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай. Кейіпкер рөлдерін тамаша аша білген актерлерге алғыс айтамын.

Айдана Мұханбетова (Facebook желісінен): Соңғы 2-3 айда көрген ең әсерлі кином осы шығар. Сіздерге де көруге кеңес берем. Ананың балаға деген шексіз маxаббатынан бөлек, қазақ жігіттерінің намысшыл, досқа адалдығы, батылдығын көріп бір мақтанып алуға болады. Жалпы отандық кинолардың жылдан жылға бір-бірінен озатын туынды шығарып жатқандығына қуанам. Залда біз ғана отырдық, өкінішке орай қаптаған көрермен жоқ, жылап-жылап көзіміз істі, актерлік шеберлікте өте жоғары, әрбір кейіпкер үшін уайымдап отырдық. Елғонды Ахметов (Facebook желісінен): Жақында Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты киносын тамашалаудың сәті түсіп еді. Керемет. Ахан Сатаевтың жүрегінде әбден піскен дүние екені сезілді. Ахан «бұл фильм – өмірде болған оқиғалар желісіне түсірілген фильм және барша аналарға арнаймыз» деп, кино басталмай айтып өтті. Рас. Қазақтың ХХ ғасырдағы көрген өмірі суреттеледі. Мариям ана (Алтынай Нөгербек) – ғұмыры баласын ойлаумен, күтумен өтеді. «Шіркін, ананың жүрегіне төтеп беретін күш жоқ шығар, сірә» деп бір ғұлама айтқан екен, расында, солай. Осы кинода ғұламаның сөзі тағы да бір дәлелденеді. Фильмде анасы мен ұлының кездескен сәтін көргенде көзіне жас алмайтын адам кем болмайтын шығар. Ильяс (Әділ Ахметов) – қайсарлы, қайратты, жігерлі, мейірімді жүректің иесі. Соғыстағы ерліктері – аталарымыздан естігенімізді, кітаптардан оқығанымызды көз алдымызға келтіргендей болды. Соғыста қазақ жауынгерлері тек батырлығымен танылған деп ақсақалдарымыз көп айтушы еді. Қандай қиыншылық көрсе де, шыдап, анасы мен сүйіктісін ойлаумен, іздеумен болады. Үміт (Аружан Джазильбекова) – пәк, таза, адал, төзімді жүректің иесі. Үміт үмітін үзбей, ғашығын аңсаумен, күтумен ғұмыр кешеді. Бұндай жүректі мөлдір сумен жусаң, кірленіп қалатын сияқты көрінеді. Қазіргі таңда небір кинолар түсіріліп жатыр, атыс-шабыс, боевик, комедия т.б. Ал «Анаға апарар жол» секілді жүректі тербейтін, толғандыратын, ой салатын кино некенсаяқ. Түсірілім тобына, барша атсалысқан жандарға алғыс шексіз.

Жанры Құрылымы Тілдік құралдар Мақсатты аудиториясы

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра