СОР № 1 Казахский язык 10ЕМН класс Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Назад
Казахский язык - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Задание:

Сіз тілші ретінде театрға жаңа қойылымды тамашалауға бардыңыз. Жергілікті газетке осы спектакль туралы пікіріңізді жазыңыз. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданыңыз.

Решение:

Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы бүгінгі заман ағысымен ұлттық құндылықтарды жоғалта бастаған, адамгершілік, парыз, борыш ұғымдарын жете түсінбейтін жастардың бейнесін ашып көрсететін шығарма. Біз осы қойылым арқылы әр адамға отбасындағы тәрбиенің рөлі үлкен екенін, ағайын, туыс, бауыр арасындағы қарым-қатынастың ең құнды дүние екендігін айтқымыз келді. Балалардың мінез-құлқына, қабілетіне қарай шығармадағы рөлдер бөлініп беріліп, қысқа уақыт ішінде дайындық жүргіздік.

Шиеленісті оқиғадан басталып, сахнадағы оқиғалар желісі өрбіген сайын залдағы көрерменнің де жас әртістермен бір толқында күй кешкені анық. Көрерменін қуанта да, мұңайта да, жылата да білген кейіпкерлердің өнері бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

«Сіздер біздерге ерекше көңіл-күй, сезім сыйладыңыздар. Сахнада ысылып, тәжірибесі толысқан әртістердің өзі бір рөлді бірнеше мәрте ойнау арқылы өнерін ұштай түседі. Азғантай уақыттың ішінде үлкен дүниені алып шығып, тамашалатқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Бүгін сіздерді жаңа бір қырларыңыздан танып жатырмыз. Осы залда отырған әрбір адам ғибрат алды деген ойдамын. Енді сіздерден жаңа бір туынды, қойылым күтеміз. Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін!»