СОР № 1 Физика 10ЕМН класс Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Назад
Физика - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Задание:

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу алыстығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу үшін тәжірибе жүргізіңіз.

(a) Дененің ұшу алыстығының лақтыру бұрышына тәуелділік теңдеуін жазыңыз.

(b) Өзіңіз жазған теңдеудегі мына шамаларды анықтаңыз:

(i) тәуелсіз айнымалыны

(ii) тәуелді айнымалыны

(iii) тұрақты шаманы

(c) Қолданылатын құрал-жабдықтар: баллистикалық пистолет (бұрыштық тіктеуішімен), металл шар, метрлік сызғыш, өлшеуіш таспа.

(i) Баллистикалық пистолеттен шардың ұшып шығу жылдамдығы тұрақты болып қалады. Берілген құралдарды тиімді пайдаланып, шардың пистолеттен ұшып шығу жылдамдығын анықтаңыз. Кинематикалық теңдеулер көмегімен өз әдісіңізді түсіндіріңіз.

(ii) (а) және (с)(і) пункттердегі мәндерді пайдаланып, шардың ұшу алыстығын L1 берілген бұрыштар үшін есептеп, нәтижелерді кестеге енгізіңіз.

(d) Баллистикалық пистолетті пайдаланып, кестеде берілген бұрыштар үшін шардың ұшу алыстығын L1 тәжірибе жүзінде анықтаңыз. Берілген мәндерді кестеге енгізіңіз.

(e) Ұшу алыстығының лақтыру бұрышына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңыз.

(f) Кестені пайдаланып, L1 және L2 мәндерін салыстырып, нәтижені бағалаңыз.

(g) Тәжірибе нәтижесін жақсартатын бір ұсыныс жасаңыз.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра