СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі

Назад
Казахская литература - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі

Задание:

Үзіндіден ақын қолданған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай
отырып, автор стилін анықтаңыз.
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар
— Бір тауы бар сымбатты.
— Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шың суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шынды айналған кұзды шаттар,
Құзды шаттар ақкан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда,
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында кақпасы.
Алтын жазу кақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра