СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс Есенберлин «Қаһар» романы

Назад
Казахская литература - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Есенберлин «Қаһар» романы

Задание:

«Қаһар» романынан берілген үзіндіде қандай ұлттық және адамзаттық құндылықтар берілген?
Шығармадағы құндылықтардың әлемдік тақырыппен үндестігін анықтап, мысалдармен
дәлелдеңіз.
1. Ағыбай белбеуін мойнына салып, екі қолын көкке көтере, тізерлей отырып,ағыл-тегіл
жылаған қалпы Есенгелді, Саржанның қаза болған суық хабарды естіртті. Суық хабарды
естісімен Күнімжан қара шашын жая, екі бүйірін таянып, жоқтау айтады.
2. Қасым төре бір түннің ішінде у ішкендей боп жүдеп шықты.Үлкен мұрны сарғылт жүзі
көгілдір тартып, қою қызғылт сақалы қырау басқандай бозарып, қатігез Қасым төре емес
иленген терідей жұмсарып, көзінде ғана ызы мен ашу қалдығы қалғандай. Жас кезімде
Көкшетауды мекендеген ақ бураны садақпен атып өлтіріп едім.Сол ақ бураның киесі атты ма
деп ойлайды.
3. Есенгелді мен Саржанымды да сол ақ бураның киесі атты ма? Олай болса, Алла Тағала
жолыңа ақсарбас айтып, мойныма бұршақ салып тілеймін: қаһарыңды, өзге балаларымнан
аулақ ет!.. қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, – дейтін еді Бұқар жырау». Қасым төре
күміс қынды сапысын, Абылай хан ұстаған тік киік мүйіз мосысы бар білтелі күлдірмамай
мылтығын берді, алақанын жайып ақ батасын берді.
4. Кенесары: «Мен тұтас бір халық уақтанып, ер жүректігі жойылып, илеген терідей
болбырап кетеді дегенге сенбеймін… Тікен шыққан жерге тікенек шығады, гүл өскен жерге гүл
өседі…» Қазақта «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол» деген мақал бар, зорлыққа
мойын ұсынар жайым жоқ, өмірім жеткен жерге дейін алысып өтем» — деп шарболаттай
шамырқанып ойын шарт түйді.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра