СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Задание:

1. Суреттерге қарап, тақырып бойынша болжам жасаңыз.


2. Мәтін бөліктерін тыңдап, әрі қарай қандай мәселе қозғалатынына өз болжамыңызды
білдіріңіз.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mjkUZtfi9bk
1-бөлік
Құрметті қазақстандықтар!
Менің отандастарым!
Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын.
Ел алдында ірі мәселелер тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.
Болашақ Қазақстанды мен қалай елестетемін?
Сұрақ: Автор Қазақсатанның болашағын қалай елестетуі мүмкін?
_______________________
2-бөлік
Мен 2050 жылғы қазақстандықтар үш тілде сөйлейтін, білімді, еркін адамдардың
қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар.
Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.
Мен 2050 жылғы Қазақстан жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол –
барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы
да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.
Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.
Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де
түзу жолдан тайдыра алмайды.
Сұрақ: Өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін не істеуіміз қажет?
__________________________
3-бөлік
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.
Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген
жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.
Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
3. Өз болжамыңыз бен мәтін мазмұнын салыстырыңыз.

Решение:

Менің болжамым:

1-бөлік:

Автор Қазақстанның болашағын өте жарқын түрде елестететіні анық.Әртүрлі салалар жан-жақты дамыған.Көптеген ірі технологиялар пайда болған.Әлемдегі ерекше деңгейдегі елдермен терезесі тең дәрежеде болатынына сенімдімін.

Мәтін мазмұны:

Мәтін бойынша елбасы халыққа,әсіресе жас ұрпаққа үлкен сеніммен қарайтынын жеткізгісі келген.

2-бөлік:

Менің болжамым:

Еліміздің өркениетін дамыту тек халықтың қолында екені анық.Ілгері түрде алдыға қадам басу арқылы ғана биік белестерді бағындыра алатынымыз белгілі.Қазақстан елін бүкіл әлемге паш етіп таныту үшін келер ұрпақ үлкен еңбек етуі қажет.Тек өзін әрдайым жан-жақты дамытып отыратын адам ғана мемлекет дамуы үшін өз үлесін қоса алады.

Мәтін мазмұны:

Мәтін мазмұнына сүйенсек,автор болашақта Қазақстан мемлекеті барлық жағынан дамыған ел болатынына сенім білдіріп отыр.Жалпы,Қазақстан елі денсаулық сақтау жағынан,білім беру саласы бойынша,еңбек ету саласы,азаматтардың құқығын қорғау бойынша және бастысы бейбітшілігі өркендеп,татулығы жарасқан ел болатынын нық сеніммен жеткізген.

3-бөлік:

Менің болжамым:

Үлкен жетістіктерге жету жолын тек  адам баласы ғана өз күшімен жүзеге асыра алады.Өзгелерге үміт арту,олардың пікірлеріне сену тек құр босқа уақыт жоалтумен тең деп есептеймін.

Мәтін мазмұны:

Еліміз даму жолында үлкен белестерді бағындыратыны белгілі.Сәйкесінше өзге мемлекеттердің кері әрекеттермен әсер етуі де айдан анық.Сол себепті даму жолында еш уақытта ешкімге сенбеген абзал болатыны рас.