СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Задание:

1. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген пікірлерді қоғамдық (отандық) мәселелермен
байланыстырып, келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
Бүгінгі жастардың келбеті қандай?
Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жастарға» деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп ұрпаққа үлкен сенім артқан. Жастар жалын жүректі,
өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Болашақта еліміздің қожасы
да, иесі де болатын – бүгінгі жас буын. Олар – біздер. Біздер жаңа ғасыр, жаңа
мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңіміз.
Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Қазақ қашанда жамандығын жасырып,
жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десек те жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын
жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен
мақтанға бой алдыруымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.
Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға
мұлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда
болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып, бойға сіңіріп
үлгереді. Батысқа табынушылық көпшілігіне тән қасиет. Тіпті, өзінің қазақ екеніне арланып,
өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында
есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті мәселесі болып
отыр. Қазір теледидардан үнді, корей, түрік сериалдары көп беріледі. Кейбір санасы уланған
жастарымыз сол елдердің салт-дәстүрлерін қабылдап еліктеуі ойлантады.
Мәселен, үнділер секілді үстеріне бояу жағып, би билеп, көңіл көтеруін қалай түсінуге
болады? Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін
көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң,
қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі
түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді.
Дегенмен бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті,
арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып
жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады
«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір қазақ
жастары ұлтжандылықты бойына сіңіріп, ұлттық намысты жоғары қоюы керек. Қазақ
жастары тәуелсіз еліміздің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет.
Ел сенімін, үмітін ақтау біздің қолымызда.

2. Әр кезеңнің жастар келбетін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
жазыңыз.

Решение:

1.

Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десек те, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой алдыруымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мұлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар — еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық көпшілігіне тән қасиет. Тіпті, өзінің қазақ екеніне арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр. Қазір теледидардан үнді, корей, түрік сериалдары көп беріледі. Кейбір санасы уланған жастарымыз сол елдердің салт-дәстүрлерін қабылдап еліктеуі ойлантады.Мәселен, үнділер секілді үстеріне бояу жағып, би билеп, көңіл көтеруін қалай түсінуге болады? Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді.Дегенмен, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады. Білімді ұрпақ өсіру үшін, ең әуелі, сол мұғалімдеріміздің өзі білімді, парасатты, білікті болуы қажет. Сондықтан, болашақ ұстаз ретінде айтарым, әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне сай қоғамымыздан өз орнын табуы қажет.«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысты жоғары қоюы керек. Қазақ жастары тәуелсіз еліміздің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуымыз қажет. Ел сенімін, үмітін ақтау біздің қолымызда.

2.XIX ғасырдағы жастар келбеті мүлдем өзгеше болғаны анық.Қазіргі таңдағыдай әлеуметтік желі дамымаған,ерекше түрлі технология түрлері де шықпаған еді.Сол кезеңдерде жастар барлығын қолдан істеп,кітап оқыса да кітапханаға барып,барлық мәліметтерді содан барып,іздестірген.Ал XXIғасырда барлық нәрсе тікелей әлеуметтік желімен байланысты.Тіпті,тағам,киім,әртүрлі техника құралдарын болсын,телефон арқылы үйге тапсырыс бере алады.Яғни,қазіргі таңда адамдарға барлық жағдайды жасап қойған.Интернет желісі арқылы көптеген нәрселерді меңгеріп алуға да болады.Сонымен қатар,қазіргі кезде үйде отырып-ақ,осы интернет желісі арқылы ақша тауып отырған жастар саны жетіп артылады.Қарап отырсақ,осы интернеттің жастар үшін пайдасы өте көп екені айдан анық.