СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Задание:

1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Қосымша ақпараттарды
сызып тастаңыз.
«Заманға сай адам». Ол кім?
Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып бара жатқандай әсер қалдырады. Әр ұрпақ
өзін барынша заманға сай адам ретінде сезінетіні заңдылық. Техникалық прогрестің
арқасында ол өзінен бұрын өмір сүрген адам көрмеген нәрселерді қолданады. Расымен,
өткен ғасыр адамдарының қиялында болған іPad-тың бір өзі қандай зор мүмкіндіктер беріп
жатыр!
Адамдардың ойлары, киім кию әдебі өзгеріп, жаңа ұрпақпен жаңа өмір басталып
жатады. Өз заманында ең атақты болған әуендер, сән үлгілері, қарапайым шаш сәні қазір
бізге тым қарапайым болып көрінеді емес пе? Анаңыздың не әкеңіздің суреттерін көріп
отырып, дәл қазір өзіңіз сол суреттегідей балақты шалбармен көшеге шығар ма едіңіз? Біздің
ұрпағымыз да біршама жылдардан кейін, ноутбукті көрген кезде «Неткен қарабайыр
техника!» деп айтуы әбден мүмкін!
«Виртуалды әлем» пайда болып, кейбіріміз осы әлеммен өмір сүреміз. Күніміздің тым
көп бөлігі жұмыста өтеді. Жұмыс үшін жеке өмірді кейде ұмытамыз. Алайда сол жұмыстың
тапсырмаларына үлгермей, жанталасып жатамыз.
Кез келген техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолданып, жоғары технологиядан
хабардар болып жүргеніңіз жөн. Айпад пен айфонды бір-бірінен ажырата алмау жаңа заман
адамы үшін ұят деуге де болады. Заманауи адам болып жатқан маңызды жаңалықтарға құлақ
түріп жүруі керек. Кез келген тақырыпты әрі алып кете алатындай ой өрісіңіз, біліміңіз
болғаны жөн. Заманауи адам – жоғары білімді, өте мәдениетті, рухани бай және жетістікке
жете білетін адам. «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек». Гардеробыңызда кез
келген жағдайға: жұмысқа, кездесуге, отырысқа, кештерге т.б. арналған киімдердің тұрғаны
жөн. «Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман» деген сөз рас. Сондай-ақ адамның сіз
туралы ең бірінші ойы сыртқы келбетіңізге байланысты қалыптасатыны дәлелденген.
2. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді теріп жазыңыз.
_________________________
3. Мәтінде берілген бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас
сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырыңыз.
__________________________
4. Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдаңыз (50 сөз).
____________________________

Решение:

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді теріп жазыңыз.

Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып бара жатқандай әсер қалдырады. Әр ұрпақ
өзін барынша заманға сай адам ретінде сезінетіні заңдылық.

«Виртуалды әлем»

Заманауи адам – жоғары білімді, өте мәдениетті, рухани бай және жетістікке
жете білетін адам.

«Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман» деген сөз рас.

Мәтінде берілген бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас
сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырыңыз.

Жоғары технологияддан хабардар болу арқылы кез келген техниканын мүмкіндігін қолдана алған жөн.

Көп уақытымыз жұмыспен кетіп,өз өмірімізге көңіл бөлуді ұмытатынымыз анық.

 

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдаңыз (50 сөз).

Қазіргі күнімізге дейін сандаған жылдар, ғасырлар өтті, артқы дөңгелекпен алдынғысына еріп келген халық жаңартылған технологияға қол жеткізді, жаңаиндустрия пайда болды, бір сөзбен айтқанда материалдық құндылықтар өзгертілді. «Заманына қарай адамы» дейді, меніңше бұл тек батыстық ұғымға ерген, «саналы» сөзінің антонимдік типіндегі адамдардың ұстанатын жай сылтауы секілді. Ия, заман өзгерсін, дамысын, бірақ моральдық жағынан емес, тек білім жағынан.

Адамдық-адамгершілік құндылықтар заманға емес, адамға, тек өзімізге бағынады! Шектен тыс техниканың дамуы да қазір қарапайым адам санасын әлсіретіп жіберген. Мысалы, ТӘУЕЛДІЛІК (ғаламтор желісі болсын т.т бөлек көп нәрсеге тәуелдіміз шыны керек)  Қазіргі 18-23 жасар жастар 70% дейін (одан әрі кетпейін) тек 1-2 күндік жоспармен жүреді «ертеңгі күнім осылай өтсе, сосын көре жатармыз…», демек алдында мақсаты жоқ адамдар. Немесе «осы оқуды бітірсем, ақшамен бір жерге орналасармын» деген түсінік. Бірақ сол адамдардың өзін «заманауй адам» санарын қайтесіз?! Білмеймін, мүмкін қазір сана сезім әлсіз бе немесе ортамыз сондай ма? Шынымды айтайын, өз басым ойы тек әлеуметтік желілермен шектелген жігіттермен қоса,  әңгімесімен(жылы сөзбен айтқанда) бояуына сенетін қыздарға қарап жаным ашиды. Кейде ондай адамдармен пікірлес бола да алмайсыз. Орысша айтқанда «саморазвитие» дейді ғой, басқа жағымызға мән бере бергенше, осыны кішкене болсын дамытқан дұрыс шығар әр жеке тұлға. Әрине әр адам өзіне-Қожа, өзіне-Би!
Егер адам қоғамнан өзгеше ойлап, дүниетанымы басқа болса, қоғамның мүшесі бола тұра шетқақпай көрер еді. Оның өзінің қоғамына көңілі толмай, өзінің мүддесі мен өз көзқарасы сәйкес келетін өзге орта іздеуі мүмкін. Ал ондайды іздемей, сол қоғамның бір бөлшегі болуға бел буса, демек сол қоғамның барлық көзқарасы мен мүддесін сіңіруге мәжбүр.

Демек, ол уақыт пен кеңістік арқылы туған қоғамға қарай қалыптасқан, яғни заманына қарай бейімделген адам болмақ.