СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер
құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы. Яғни өзінің өмірлік қажеттерін
қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір
қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын
процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және
демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен
зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар
қорғалуы.
Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы
мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде
түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады. Кедейлік әлемнің барлық
елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз
отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының
артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі
екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр.
Әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым
санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету
мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиардтан астам артық адам бір күнде бір доллардан кем
ақшаға өмір сүруде, 800 миллион адам аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара
ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және
табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы
салдарынан қиындай түсуде. 1990 жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі
біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында
орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион африкандықтар азықтүліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік
қауымдастық 2015 жылға дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды.
Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы «Үлкен сегіздік елдері» Африкаға қажетті ресурстарды
бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады.

1. Берілген фразалардың мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Решение:

1.Кедейлік- жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.

2.Тұрмыстық қажеттілік-күнделікті өмірдегі қолданысқа қажетті құрал-жабдықтар.

3.Қанағаттандыру-өзге адамның қажеттілігін беру арқылы риза ету.

4.Мұқтаж-кез келге дүниені қатты қажет ету.

5.Міндеттемі-белгілі бір іске жауапты түрде істеуге тиіс.